Елік атқан Петропавл тұрғыны 4,5 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Сібір елігіне заңсыз ату фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елік атқан Петропавл тұрғыны  4,5 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлері Благовещенка ауылы маңынан 32 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. Ер адамға түлкі аулауға рұқсат берілген. Қамсыз браконьер қарда жүретін көлікпен және 12 калибрлік «CZ» тегіс ұңғылы қарумен жрақталған. Қарумен бірге полиция Сібір елігінің тұтас етін, арқан, пышақ, оқсалғыш, 13 оқ тәркіледі.

Тергеу жұмыстары жүріп жатыр, бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 337-бабы, 3-бөлімі («Заңсыз аңшылық») бойынша 2 000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.