Еліміз дағдарысқа қарсы шараларды сауатты жүргізуде ? ғалымның пікірі

ОРАЛ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бүкіл әлемді шарлаған дағдарысты экономикалық деп айтуға болмас, ол қазір қаржылық сипат алып отыр.
None
None
Осы орайда біздің республикамыз өз саясатын сауатты жүргізуде. Экономика ғылымдарының докторы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті Раушан Ғабдуалиева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, мемлекетіміз тұрақтандыру шараларын уақтылы алуда, мұның оң нәтижелері де жоқ емес. Белгілі қаржыгерлердің пікірінше, Қазақстан экономикасы Ресей елімен салыстырғанның өзінде тұрақты. Мемлекеттік валюта ? теңге бағамы да ауытқып тұрған жоқ. Бұл елдегі экономиканың бірқалыпты екенін білдіреді. Әрине, ішкі жалпы өнім деңгейі төмендеген болар, бірақ мұны табиғи экономикалық қозғалыс деген жөн. Дағдарыс жағдайында макроэкономикалық көрсеткіштерге аса сақтықпен қараған дұрыс. Ең бастысы, дағдарыстан қорықпай, өз бағытымызды тиімді жүргізіп, болашағымызды айқындай білуге тиіспіз.
Соңғы жаңалықтар