13:48, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Еліміз дамуының жаңа кезеңіне дайындықты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету біздің ортақ міндетіміз - Елбасы
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміз дамуының жаңа кезеңіне дайындықты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету біздің ортақ міндетіміз. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы осы жұмыстардың басы-қасында «Нұр-Отан» ХДП-ның парламенттік фракциясы жүруі тиістігін атап көрсетті. «Әрбір нұротандық депутат біздің ортақ ісіміздің табысы үшін өзінің жеке жауапкершілігін түсінуге міндетті», деді Н. Назарбаев.