Eліміз экспортының 20 пайызын тау-кен металлургиялық кешеннің өнімдері құрайды - А.Рау

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат Марлан Жиембай - Eліміз экспортының 20 пайызын тау-кен металлургиялық кешеннің өнімдері құрайды.

Eліміз экспортының 20 пайызын тау-кен металлургиялық кешеннің өнімдері құрайды - А.Рау

Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресінің «Тау-кен металлургиялық салаларды мемлекеттік реттеу: тиімді тәсілдер және оң тәжірибелер» тақырыбында өткен сессиясында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«Өткен жыл ішінде еліміздің тау-кен металлургиялық кешені 8 миллиард АҚШ долларының өнімін өндірді, Бұл 2009 жылғы дағдарыс кезіндегі көрсеткіштен 39 пайызға артық», - деді ол.

А.Раудың атап өтуінше, еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында салалық бағдарламалар әзірленген. Олардың қатарындағы басымдықты салалардың - бірі тау-кен металлургиялық кешен болып табылады.