«Еліміз қару қоймасына айналып кеткен жоқ па?» - республикалық басылымдарға шолу

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 24 қараша, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» басылымы бүгінгі санында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен болған сұхбатты жариялаған. ОСК төрағасының айтуынша, тек қана биылдың өзінде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер ке­ңіс­тігіндегі төрт елде, атап айт­қанда, Ирландия, Македония, Лат­вия және Испанияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтті. Таяу уақытта Словения мен Грекия елінде де кезектен тыс парламенттік сайлау өткелі тұр. «Осылайша, кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын парламенттік сайлау демократиялық елдерге тән жағдай. «Қазақстанда кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы шешім Конституцияға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес қабылданды», - дейді Қ.Тұрғанқұлов. Бұл сұхбат Егемен Қазақстан» басылымында «Уақыт талабы туғызған сайлау» атты тақырыппен басылды.

Сондай-ақ аталмыш басылымның жазуынша, кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Ұлыбританияның экс-Премьер-министрі Тони Блэрді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан экономикасын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын әзірлеу мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі кең көлемді мәселелер, атап айтқанда, Еуропалық Одақ пен Таяу Шығыстағы жағдайлар талқыланды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымындағы «Көкейкесті мәселелер қозғалды» атты мақалада.

***

«Айқын» басылымының апталық саны Еуропаның бірқатар елдері мен Сауд Арабиясында «ақылды қалалар» бар екендігін жазыпты.

Аты айтып тұрғандай, ол қалалар өмір сүруге өте қолайлы, денсаулығыңызға пайдалы, экономикалық, экологиялық жағынан да тиімді. Елордамыз Астана да 20 жылдан кейін сондай «ақылды қалаға» айналады деген үміт бар. Ал бұл процесс қалайша жүзеге асады. Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Астана «ақылды қалаға» айналады» атты мақаладан білесіздер.

Сондай-ақ осы басылымының жазуынша, журналистерге әлеуметтік мәртебе беріп, құқықтарын қорғау мәселелері жиі айтылып жүр.

Соңғы кездері әлемде журналистерге әлімжетік көрсету, қастандық жасау фактілері жиі орын алып жүр. Осы орайда, филиппиндік журналистердің бастамасымен 23 қараша «Жазасыздыққа қарсы күн» деп жарияланды. Бұл күні қызметтік бабымен әрқилы жағдайда қаза тауып, жазалаушысы анықталмаған журналистердің жағдайы ескеріліп, БАҚ өкілдері жазасыздыққа қарсы үндеуін жолдайды. Бұл туралы «Айқын» апталық санындағы «Журналистердің құқық қорғалуы тиіс» атты мақаладан кеңірек білуге болады.

***

«Алаш айнасы» басылымының жазуынша, ешуақытта да бейбіт мақсатқа қолданылмаған қару-жарақ бүгінде, шынында да, баланың ойыншығына айналып кеткендей. Қан-қасап қарудың түр-түрі мектеп оқушыларының қолында жүр. Қан да төгіліп жатыр. Қанға қоса, қасіретті көз жасы да. Алайда мәселенің себебімен емес, салдарымен күресетін немқұрайдылығымыздың арқасында тағы да бармақ шайнап отырмыз. «Тараздықтардың түн ұйқысын қашырған қанды оқиғадан кейін құзырлы органдар да, қару-жарақпен айналысатын қауымдастық та бұл мәселеге «екінші пландағы» мәселе деп қарамау керектігін енді ұғынғандай жанталасып жатыр. Өкініштісі - тек қан төгілгеннен кейін ойланғанымыз», - деп жазады басылым. Бұл туралы «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Еліміз қару қоймасына айналып кеткен жоқ па?» атты мақалада.

Сондай-ақ аталмыш басылым Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, профессор Мәриям Алимардановамен болған сұхбатты жариялапты. Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда базар мен үйлердің аулаларында ұлттық сүт тағамдарының «дала саудасы» қызып тұр. Оны бәрі біледі. «Ал бұл өнімнің тағамдық қауіпсіздігі, залалсыздығы мен сапасына кім жауап береді? Ондай өнімге кепілдік беріп жатқан ешкімді көрмейміз. Кейінгі жылдары Қазақстанда жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдардың саны жыл сайын артып келеді. Әсіресе қатерлі ісікке душар болғандардың қатары азаяр емес. Бұл еліміздегі тамақ өнімдерін өндіру кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың толыққанды сақталмай жатқандығын тағы бір мәрте көрсетсе керек», - дейді М.Алимарданова. Сұхбат «Алаш айнасы» басылымында «Біз патенттің авторлығын әлі күнге дейін Мәскеуде тексеруге мәжбүрміз» атты тақырыппен жарияланған.

***

«Казахстанская правда» басылымы бүгінгі санында «Многопартийный Парламент: казахстанцы - «за» атты мақала басты. Аталмыш мақалаға ҚР Президенті жанындағы Саяси зерттеулер институты мен Білім және ғылым министрлігінің бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысында көтерілген мәселелер арқау болған. Мәжіліске қатысушылардың пайымдауларынша, алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауы осыған дейінгі сайлаулардан басқаша болады. Себебі бүгінгі қоғамда тұрақтылықты нығайту мен саяси жүйенің сапасын арттыру бағытында үлкен өзгерістер болып жатыр. Осы ретте электораттың саясаттан не күтетінін, әлеуметтік саладан қаншалықты үмітті екенін, жалпы көңіл-күйін бақылап отыру аса маңызды.

Соңғы жаңалықтар