Еліміз үшін 2010 жыл айрықша жыл болғалы тұр - Үкімет басшысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2010 жыл бірқатар себептер бойынша айрықша жыл болғалы тұр. Сондай маңызды себептердің бірі, елімізде жаңа үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарлама басталады. Сонымен қатар қала күнімен байланысты да бірқатар мәселелер бар. Қала күнінің алдында біздің дәстүрлі индустриялық жобаларымыздың таныстырылымы өтетін болады», деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы соңғы селекторлық кеңесте индустриялық бағдарлама аясындағы жобалардың жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі жұмылдырылған штабтар құру жөнінде келісілгенін айта келе, осы орайда құзырлы мемлекеттік органдарға республикалық және өңірлік деңгейдегі бұл жобалардың діттеген мерзімінде іске қосылуын бақылауды тапсырды.
Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, 2010 жылы елімізде 134 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Оның 78-і бірінші жарты жылдықта, ал 56-сі жыл соңына дейін аяқталатын болады. Аталмыш инвестициялық жобаларға 800 млрд. теңгеден астам инвестиция салынған. Құрылыс жұмыстарына 16 мыңнан астам адам тартылған. Аталмыш 134 жоба іске қосылуының нәтижесінде 17 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады.