Елімізде 2010 жылдың мамыр айында инфляция 0,6 пайызды құрады

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2010 жылдың мамыр айында инфляция 0,6 пайызды құрады,

Елімізде 2010 жылдың мамыр айында инфляция 0,6 пайызды құрады

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, мамыр айныда азық-түлік тауарларының бағасы 0,7 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 0,5 пайызға, ақылы қызметтер 0,4 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, өткен айда жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасы - 2,7 пайызға, ет өнімдері - 1,5 пайызға, кофе, чай, какао 0,8 пайызға қымбаттаған. Ал, жұмыртқаның бағасы - 2,8 пайызға, сүттікі - 1,5 пайызға, күріштікі - 1,2 пайызға, ұндікі 1,1 пайызға төмендеген.

«Темекі өнімдерінің бағасы - 2,7 пайызға, цемент - 1,1 пайызға, жуатын және тазалайтын құралдар - 0,9 пайызға, жеке гигиена тауарлары - 0,7 пайызға, үй тұрмысында күнделікті пайдаланылатын заттар, киім-кешек пен аяқ-киім - 0,5 пайызға, фармацевтикалық препараттар 0,4 пайызға қымбаттады. Ал, дизель отынының бағасы - 2,6 пайызға, бензин 2,2 пайызға қымбаттады», делінген Агенттіктің хабарламасында. Көлік қызметтерінің бағасы -1,5 пайызға, денсаулық сақтау - 0,9 пайызға, демалыс, көңіл көтеру және мәдение қызметтер - 0,5 пайызға, шаштараздың және жеке қызмет көрсететін мекемелердің қызметтері - 0,4 пайызға, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметтерінің бағалары 0,3 пайызға қымбаттаған. Ал, тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсету саласында суық судың тарифтері - 0,9 пайызға, құбырдікі - 0,8 пайызға, электр энергиясыныкі - 0,5 пайызға, қоқыс жинаудікі 0,2 пайызға ұлғайған.