Елімізде 2010 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,3 пайызға жоғарылады

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде 2010 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,3 пайызға жоғарылады .
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, ағымдағы жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 7,1, өңдеу өнеркәсібінде - 2,4, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 0,5 пайызға жоғарылады. Өткен айда бағаның керосинге - 8,5, мұнайға - 4,7, дизель отынына - 2,3, табиғи газға және электр энергиясына - 0,7 пайыздан жоғарылауы, отындық мазутқа - 3,9, бензинге - 2,8, көмірге - 0,8 пайызға төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға ферроқорытпаларға - 7, өңделмеген алюминийге - 5,4, мыс пен қымбат металдарға - 3,8-дан, қара металдар илегіне - 2,9-ға жоғарылады, қорғасынға - 0,1 пайыз төмендеді. Құс еті - 2,8, маргарин - 0,7, қант пен сүт өнімдері - 0,3 пайыздан, өсімдік майы мен макарон өнімдері - 0,2 пайыздан қымбаттады, жармалар - 1, бидай ұны - 0,9, балық - 0,4, нан - 0,2 пайзыға арзандады.

Соңғы жаңалықтар