Елімізде 2011-2015 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленуде - алқа мәжілісі

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елімізде 2011-2015 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленуде.

Елімізде 2011-2015 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленуде - алқа мәжілісі

Бұл туралы бүгін Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның вице-министрі Әмірхан Аманбаев мәлім етті.

«Біздер 2011-2015 жылдарға арналған қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру бойынша салалық бағдарлама әзірлеудеміз. Оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жүйені халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ә.Аманбаевтың атап өтуіне қарағанда, еліміздегі барлық түзеу мекемелеріндегі бас бостандығынан айырылғандардың ұсталу режіміне тұрақты бақылауды жүзеге асыру үшін жедел басқару орталығын құру қажеттілігі өткір тұр. Бұл орталықтар түзеу мекемелерінде туындаған қиындықтар барысында жедел әрекет жасауға мүмкіндік берер еді. Сондай-ақ бас бостандығынан айырылғандарды ұстау орындарын күзеттің заманауи инженерлік-техникалық құралдарымен жабықтау және ведомстволық кинологиялық қызметті дамыту мәселесі де өте өзекті болып отыр.

«Бұл өзгерістер сотталушылардың басым бөлігіне криминалдық лидерлер мен «серкелердің» мүмкін болатын теріс пиғылдарын жүзеге асыруына жол бермес еді», - деді вице-министр.