09:22, 14 Шілде 2022 | GMT +5
Елімізде 4,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 4 477 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 503 пациент стационарда, 3 974 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратының көмегімен ғана дем ала алады», - делінген комиссия хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 534 769 адам, екінші компонентін 9 317 774 адам салдырды.