Елімізде 7 облыстағы 11 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 ақпан күнгі сағат 22:45-тегі ахуал бойынша, еліміздің 7 облысындағы жолдардың 11 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Оған күн райының бұзылып, бұрқасын соғуы, қар көшкіні жүру және су басу қаупі себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат QazAvtoJol Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Ақтөбе облысында 2 учаске:

- «Самара-Шымкент» тасжолының 526-702 шақырымы, яғни Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлікте жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді;
- «Самара-Шымкент» тасжолының 526-702 шақырымы, яғни БҚО шекарасы мен Маржанбұлақ ауылы арасында жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.
Алматы облысында 1 учаске:
«Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2214-2436 шақырымы, яғни Жамбыл облысының шекарасы мен Междуречинск ауылының арасында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске (қар көшкіні жүру қаупіне байланысты):
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатынқарағай-Рахман бұлағы» тасжолының 6-166 шақыры аралығы, яғни Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі аралықта көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысында 1 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2152-2214 шақырымы, яғни Бурылбайтал ауылы мен Ақсүйек ауылының аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында 1 учаске:

- «Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымы, яғни Жымпиты елдімекені мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.

Қарағанды облысында 4 учаске:

- «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1610-1854 шақырымы, яғни Ақсу-Аюлы елдімекені мен Балқаш қаласының арасында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

- «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырым, яғни Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлыға дейін көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

- «Кызылорда-Павлодар» автожолының 788-906 шақырымы, яғни Топар қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.

- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 65-217 шақырымы, яғни Ботақара елдімекені мен Қарқаралы қаласы аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектелді.

Ұлытау облысында 1 учаске:
- «Қызылорда-Павлодар» автожолының 756-788 шақырымы, яғни Атасу ауылынан Қарағанды облысының шекарасы аралығында жүк және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді.


Соңғы жаңалықтар