Елімізде 868,5 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде 868,5 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

15 шілдеге дейінгі мәліметке сәйкес, «Pfizer» препаратының І дозасын 1 229 491 адам, ІІ дозасын 1 166 565 адам салдырды.

Оның ішінде, І компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 868 567,

- жүкті әйелдер – 41 262,

- бала емізетін әйелдер –145 034.

ІІ компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 845 542,

- жүкті әйелдер – 38 722,

- бала емізетін әйелдер – 139 164.