12:59, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Елімізде азаматтардың дербес деректерін жария еткені үшін жауапкершілік күшейтілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде азаматтардың дербес деректерін жария еткені үшін жауапкершілік күшейтілмек. Мұндай өзгеріс Цифрлық экожүйенің дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған («Киберқалқан-2») тұжырымдамасында көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ашық НҚА» сайтында орналастырған тұжырымдама мәтінінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 62-бабының 1-тармағына сәйкес, тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екi ай өткеннен кейiн жауапкершілікке тартылмайтындығғы туралы көзделген екі айлық мерзім жеткіліксіз екендігі айтылған.
«Осыған байланысты министрлік Мемлекет басшысының 2021 жылғы 27 қазанда өткен Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы комиссия отырысының қорытындылары бойынша азаматтардың дербес деректерін жария еткені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық өзгерістер әзірлеу және енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін тиісті түзетулер әзірледі», - делінген тұжырымдамада.