18:10, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Елімізде балалардың «Coca -Cola Былғары доп» турнирі қайта жанданды
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы / - Бүгін Алматыда Қазақстан Футбол федерациясы мен «Coca-Cola» компаниясы балалардың «Coca- Cola Былғары доп » Бүкілқазақстандық футбол турнирін өткізу туралы кезекті үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы биыл төртінші мәрте өткелі жатқан осы турнирді ұйымдастырушылар ? Қазақстан Футбол федерациясы мен «Coca-Cola» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .Енді келісімге сәйкес, турнир алдағы 3 жыл қатарынан ешқандай тоқтаусыз өткізіледі. Биылғы жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 5000-нан астам мектеп командалары қатыспақ. «Балалар мен жасөспірімдер футболының дамуы - Қазақстан Футбол федерациясының маңызды мұраты. Біздің көздегеніміз балаларды спортқа, соның ішінде футболға тарту және жергілікті, халқаралық ареналарда Қазақстанның мәртебесін қорғайтын кәсіби футболшы атануға тұрарлық дарынды балаларды іздестіру», деді ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов.