Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елімізде былтыр 79,2 млн. тонна мұнай мен газ өндіріліп, 68 млн. тоннадан астамын экспорттады - Мұнай және газ министрлігі

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан 2012 жылы 68 млн тоннадан аса мұнай мен газ конденсатын экспорттады. Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісі барысында мәлім болды.

Елімізде былтыр 79,2 млн. тонна мұнай мен газ өндіріліп, 68 млн. тоннадан астамын экспорттады - Мұнай және газ министрлігі

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 2012 жылғы мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі 68,616 млн. тоннаны құраған. Атап айтқанда, Атырау-Самара бағытымен 15,4 млн тонна, ОГӨЗ (конденсат) бағытында 0,838 млн тонна, Каспий құбыры консорциумының мұнай құбырымен 27,9 млн тонна, Атасу-Алашаңқай 10,4 млн тонна, Ақтау теңіз айлағына 7,06 млн тонна, темір жолмен 6,97 млн тонна экспортталған.

Бұдан бөлек, 2012 жылы мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 79,2 млн тоннаны құрады.