Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елімізде даму әлеуеті жоғары елді мекендерде тұратын халық саны 2 есеге артты ? Ауыл шаруашылығы вице-министрі

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елімізде даму әлеуеті жоғары елді мекендерде тұратын халық саны 2 есеге артты. Бұл орайда еліміздегі елдімекендер санының да айтарлықтай өскендігін айта кету керек. Ал даму әлеуеті төмен елді мекендердегі халық саны керісінше кеміп отыр. Яғни республикадағы болашағы жоқ елді мекендердегі халық саны жоғалып барады.

Елімізде даму әлеуеті жоғары елді мекендерде тұратын халық саны 2 есеге артты ? Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Бұл объективті әрі заңды құбылыс», дейді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Ебіниев. Бұл туралы ол бүгін дағдарыстан шығу шараларын ойластыру және елдің әрі қарай дамуы мен дағдарыс кезіндегі елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға байланысты өткен партияаралық кеңестің бірінші отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтерінше, бүгінде ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелердің бірі - ауызсу болып отыр. Осыған орай елде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген ауылдар саны 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. «Осының барлығы да мемлекет тарапынан қолданылып отырған шаралар мен қолдаулардың арқасы», дейді вице-министр. Сонымен бірге ол келтірген мәліметтер бойынша елімізде ормандар көлемі де жылдан-жылға ұлғайып келеді. «Ал тап қазіргі, яғни дағдарыс жағдайында екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны азайып, өндірілген дәнді дақылдар көлемі көңіл көншітпей отыр. Ал қайта өңдеу секторындағы құрал-жабдықтар ескіріп, шикізат тапшы бола бастады. Бұл мәселе қазір қаржылық қиындықтарға байланысты туындап отыр», деді А.Ебіниев.