Елімізде қаңтар айындағы инфляция 1,4 пайызды құрады

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Қазақстанда 2010 жылғы қаңтар айында инфляция деңгейі 1,4 пайызды құрады.

Елімізде  қаңтар айындағы инфляция 1,4 пайызды құрады

Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, өткен айда баға азық-түлік тауарларына 1,1 пайыз, азық-түлік емес тауарларға - 0,3 пайыз, ақылы қызмет көрсетулерге - 2,8 пайызға өскен. Атап айтқанда, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсуі жеміс пен көкөніске 2,9 пайыз, қантқа - 1,9 пайыз, сүт өнімдері мен жұмыртқаға - 1,7 пайыз, кофе, шай және какаоға - 1,6 пайыз, май және мал майына - 1,2 пайыз, ет өнімдеріне - 1,1 пайыз бойынша байқалған. Ал бағаның төмендеуі нан және жарма өнімдеріне 0,6 пайызды, ал нанға - 0,5 пайызды, жармаға - 0,7 пайызды, күрішке - 1,4 пайызды, ұнға - 2,5 пайызды құраған.

Сонымен бірге, баға деңгейі жуу және тазалау құралдарына 0,3 пайыз, киім мен аяқ киімге, ыдысқа - 0,5 пайыз, газеттер және кітаптарға, жеке гигиена тауарларына - 0,7 пайыз, фармацевтикалық өнімдерге 1 пайызға өсті. Бұдан басқа бензин бағасы 2 пайызға төмендеп, дизель отынына - 0,3 пайыз, көмірге - 0,7 пайызға көтерілген.

Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтің өсуі суық суға 9,7 пайыз, электр энергиясына - 9 пайыз, орталықтан жылытуға - 2,6 пайыз, ыстық суға - 1,7 пайызға көтерілді. Ал байланыс қызметтері 8,3 пайызға қымбаттады. Жергілікті темір жол жолаушылар көлігі қызметінің құны 6,5 пайызға өскен.