Елімізде коронавирусқа қатысты ахуал күрделене түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан. Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажеттігін баса айтты.

«Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал», - деді Қазақстан Президенті.


Соңғы жаңалықтар