Елімізде коронавирусқа шалдыққан 40 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия инфекцияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 40 науқастың жағдайы ауыр

30 шілдедегі мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 25 396 адам (–25 175+ және 221 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 1 527 пациент стационарда, 23 869 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония) шалдыққандардың арасында:

- 40 адамның жағдайы ауыр,

- 14 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.