Елімізде орташа жалақы көлемі 12 пайызға ұлғайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми статистика бойынша алғашқы тоқсанда Қазақстандағы жеке тауар айналымы 8,6 пайызға азайып, орташа табыс 12 пайызға ұлғайған.Зерттеуді жүргізушілердің айтуынша, сұраныс төмендеп отыр.Бұл дағдарыстың жаңа толқынын тудыруы мүмкін.
Зерттеуде айтылғандай, еліміздегі сұраныстың басым бөлігі банктермен берілген несиелер арқылы жабылып отырды.Ал биылғы жылы бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 40 пайызға азаяды.Бұған байланысты сұраныстың төмендеуі жалғасып, дағдарыстың жаңа легі туындауы мүмкіндігін арттырады.Дөңгелек үстел мәжілісі барысында Қазақстандық экономистер мен әлеуметтанушылар бұны басты мәселе ретінде талқылады.Зерттеушілер бұл зерттеуді Natioanl Business Forum-ның күзде өтетін сессиясында кеңірек талқылап, Үкімет жанындағы дағдарысқа қарсы кеңеске ұсынбақ.