Елімізде өздерін атеист немесе агностик деп санайтындар 10 пайызды құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобы Шығыс Қазақстан облысында болып, жиын өткізді. Онда дін саласындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни қағидаларға, экстремизмге қарсы күрес шаралары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі  Ғалым Шойкин басқосуда дін саласында өзекті деп танылған мәселелерді жиында кеңінен талқылаумен шектелмей, оны көпшілікке түсіндіру, насихаттау маңызды екенін атап өтті.  Оның айтуынша, еліміздегі діни аудиторияға сыртқы жағымсыз күштердің ықпалы артып отыр. Әсіресе  ақпарат кеңістігінің ашықтығы және жаһандану процестерінің кері өзгерістері оның ішінде интернет, әлеуметтік желілер және басқа да байланыс құралдары идеологиялық тұрғыдан басымдыққа ие болған. Әсіресе, бұл көрініс дін саласында айқын аңғарылады.

«Бүгінгі таңда өздерін атеист немесе агностик деп санайтындар 10%-ды құрап отыр. Ал шамамен 75% халық өздерін дінге сенетіндерін бірақ, жамағатпен жүйелі түрде діни рәсімдерді жасамайтындықтарын айтқан. Дінге сеніп, барлық діни рәсімдерді үнемі орындайтындар 16% -ды құрайды. Елдегі діншілдік деңгейінің өсуі, радикалды идеологияның кеңінен қанат жаюына мүмкіндік береді», - деді Ғалым Нұрмағамбетұлы. Оның сөзіне қарағанда, діни сауатсыздықдың туындауына ең алдымен, діни білім - жан-жақты тәрбие мен және де саяси сауаттылық да қажет.

«Мемлекет азаматтардың құқықтық ар-ождан бостандығын қамтамасыз етіп, елімізде тіркелген діни бірлестіктердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Осы ретте, Елбасының жарлығымен әзірленіп, бекітілген, аса маңызды стратегиялық құжат саналатын Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы жасалды. Бұл құжат - мемлекет пен дін арасындағы жүйені қалыптастырып, қарым-қатынастар пен көзқарастарды айқындайды. Сонымен қатар, діннің қоғам алдындағы, өмірдегі рөлін белгілеп бермек», ̶ деді ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі. Оның сөзінше, Тұжырымдамада бекітілгендей, канондық және діни мәселелерге мемлекет араласпайды. Бірақ, заңның қатаң сақталуын қадағалайды.

Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керектігін атап өтті. Мұндай жұмыстар өз кезегінде Республика аумағы бойынша өз тиімділігін көрсетіп отыр. ШҚО-да Өскемен қаласындағы Орталық мешітте, Семей қаласындағы - «Бір мұнаралы Тас мешіт» және де «Тыныбайда» өткен кездесулер мен басқосулар осыған мысал бола алады. Сондай-ақ, осындай кездесулер түзету мекемелеріндегі сотталғандармен оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен де болып өтті. 

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Дін істері комитетінің Мәдениет және дін халықаралық орталығы, Ғылыми-зерттеу және талдау орталығының мүшелері, сарапшы-теолог мамандар, қоғамдық ұйым мүшелері бар. 

Соңғы жаңалықтар