Елімізде суды тасымалдап ішетін халықтың саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін азайды

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су салалық» бағдарламасын іске асыру аясында суды тасымалдап ішетін халықтың саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін азайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

Аталған бағдарламаны іске асыру барысында барлық қаржы көздерінен 195 млрд. теңге бөлінуі және оның шарты бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер тең көлемде қаржы бөлуі тиіс болатындығын атап өткен министр «Алайда нақты ауыз су мәселесін шешуге бөлінген жалпы қаржының 74 пайызы республикалық бюджеттен, ал 25 пайызы ғана жергілікті бюджеттен бөлінді. Яғни, кейбір облыстар өздеріне алған жоспарды орындамай, республикалық бюджетке арқа сүйеп келді», деді.

Нақты деректерге сүйенген А.Күрішбаевтың мәліметтерінше, бағдарламаның жүзеге асыру жылдарында мына облыстар: Солтүстік Қазақстан - 32, Ақтөбе - 32, Қызылорда - 42, Қарағанды 46 пайыз ғана жергілікті бюджеттен ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне қаржы бөлген.

«Халық денсаулығы үшін аса маңызды бұл мәселені жете түсінген Атырау облысы алған міндетін асыра орындап, жоспарын 118,2 пайызға атқарғанын атап өтуіміз қажет. Сол сияқты Маңғыстау - 95, Солтүстік Қазақстан 78 пайыз өз үлестерін қосты», деп атап өткен ол суды тасымалдап ішіп отырған халықтың саны 2002 жылғы 445 мың адамнан 2010 жылғы қаңтардың 1-інде 83 мың адамға азайғандығын жеткізді.

Сондай-ақ министрдің айтуына қарағанда, бірқатар облыстарда, атап айтқанда Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстанда суды тасымалдап ішетін елді мекендердің саны біршама көбейе түскен.

Соңғы жаңалықтар