Елімізде ұлттық фильмдер шығаруға үш жылда 8,8 млрд теңге бөлінетін болады

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ -Парламент депутаттары жұмыс тобында талқылап жатқан «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында «Ұлттық фильмдер шығару» бағдарламасына жалпы сомасы 8 млрд 873 млн 928 мың теңге шығыстар көзделген,

Елімізде ұлттық фильмдер шығаруға үш жылда 8,8 млрд теңге бөлінетін болады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш жылда аталған қаражаттың қандай көлемде бөлінетіні жеке-жеке көрсетілген. Соның ішінде қаржының негізгі көлемі келер жылы бөлінеді. Яғни, 2010 жылға 4 млрд 957 млн 976 мың теңге қарастырылған. Ал 2011 және 2012 жылы да 1 млрд 957 млн 976 мың теңгеден бөлінетіні жоспарланған.

Осы шығыстар орта бюджеттегі өтпелі қойылымы күрделі фильмдерді шығаруға, өтпелі орта бюджеттегі фильмдерді шығаруға, анимациялық фильмдерді шығаруға бағытталатын болады. Сонымен қатар жаңа қойылымы күрделі, балалар, деректі, анимациялық фильмдер мен телесериалдарды шығаруға жұмсалады. Фильмдерді дубляждауға, ұлттық фильмдерді сақтауға және тағы басқа іс-шараларды жүзеге асыруға шығыстар көзделген.

Аталған бағдарламаға бөлінетін қаражаттар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің шығыстары бойынша қарастырылып отыр.