Елімізде үш облыстағы жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздегі үш өңірдегі жолдар жабылды.
Ақтөбе облысында 25 ақпан күні сағат 21:50-ден бастап боран, көктайғақ, айналаның көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" жолының Белогорка ауылынан Қарабұтақ кентіне дейінгі 773-965 шақырымы аралығында жүк автокөліктері үшін қозғалыс шектелді.
Ақмола облысында 26 ақпан күні сағат 01:20-дан бастап боран, айналаның көрінбеуіне байланысты «Жақсы-Есіл-Бұзұлұқ» жолының Жақсы кентінен Бұзылық ауылына дейінгі 0-82 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейінгі 232-260 шақырымында, «Жезқазған-Петропавл» жолының Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейінгі 377-552 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
Қостанай облысында 26 ақпан күні сағат 01:00-ден бастап боран, айналаның көрінбеуі салдарынан республикалық маңызы бар «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі 108-232 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.