Еліміздегі тұтынушылардың коммуналдық қызметтері үшін қарызы 8,4 млрд. теңгені құрады - С. Нокин

Оның сөзіне қарағанда, тұтынушылардың коммуналдық қызметтері үшін қарызы маусым айындағы көрсеткіштен 1,7 млрд. теңгеге төмендеген. Бұл ретте берешек Алматы қаласында 654 млн. теңгеге, Астанада 427 млн. теңгеге, Ақмола облысында 560 млн. теңгеге және Батыс Қазақстан облысында 146 млн. теңгеге төмендеген. Ал керісінше, қарыз Жамбыл облысында 101 млн. теңгеге және Маңғыстау облысында 54,8 млн. теңгеге өскен. «Тұтастай алғанда коммуналдық қызметтерге қарыз негізінен тұтынушылардың жылумен қамтамасыз етуге 4 млрд. теңгені, электр энергиясымен қамтамасыз етуге 2,3 млрд. теңгені, сумен қамтамасыз етуге 1,5 млрд. теңгені және газбен қамтамасыз етуге 222 млн. теңгені төлемеуінен қалыптасып отыр», деді С. Нокин.
Оның сөзіне қарағанда, тұтынушылар бөлінісінде коммуналдық қызметтерге халықтың берешегі 4,8 млрд. теңгені, заңды тұлғалардың берешегі 2,2 млрд. теңгені, жергілікті бюджеттің қарызы 470 млн. теңгені, республикалық бюджеттің қарызы 164 млн. теңгені және басқалардың қарыздары 760 млн. теңгені құрайды. Халықтың коммуналдық қызметтерді төлемі бойынша барынша жоғары берешек Алматы қаласында (678 млн. теңге), Астанада (539 млн. теңге), Қостанай облысында (630 млн. теңге) және Ақмола облысында (478 млн. теңге) қалыптасып отыр. Астанада заңды тұлғалар коммуналдық қызметтерге 1,1 млрд. теңгені, жергілікті бюджеті 2,5 млрд. теңгені төлемеген. Бұл қарыздың ірі сомасы болып табылады.
Ал республикалық бюджеттің қарызы Алматы қаласында 65 млн. теңгені, Астанада 43 млн. теңгені құрайды. «Әкімдіктер тұтынушылардың коммуналдық қызметтер бойынша берешегін төмендетуге айырықша назар аударуы тиіс», деді С. Нокин.