Еліміздегі жылу тарифі жоғары қалалар аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылу тарифі қымбат қалалар белгілі болды, деп хабарлады energyprom.kz">energyprom.kz .
None
None

Атап өтсек, Талдықорғанда жылу тарифі біршама артты. Оның құны бір жылда бірден 56 пайызға өскен. Ең «қымбат» қалалар Алматы, Қостанай, Шымкент. Бұл қалаларда орталықтан жылыту бағасы бір жарым есеге артты.

Ең жоғара баға оңтүстік астанада Гкалға 6,04 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда,  4,4 пайызға көп. Қостанайда - 5,82 мың  теңге бір жылда +17,3%, Шымкентте -  5,58 мың  теңге, жылына  +19,8%.

Ең арзаны Павлодарда  Гкал-ға 2,23 мың  теңге, жылына +5,5% ,  Астанада - 2,50 мың  теңге, +4,6%.

Талдықорғанда  ең қымбат тариф белгіленді - бірден  56,5%-ға, Гкалға  3,61 мың теңге, сондай-ақ Көкшетауда   -  34,2%-ға,   4,25 мың  теңгеге дейін, Ақтөбеде  -   31,2%-ға, Гкалға 3,13 мың теңге.

Тек Ақтауда ғана  тариф өзгеріссіз қалды - Гкалға 3,37 мың  теңге.

Өткен жылы республика аумағында 60,8 млн Гкал жылу энергиясы таратылды, бұл бір жыл бұрынғынға қарағанда, 21,6% аз.

Соңғы жаңалықтар