15:13, 15 Қаңтар 2023 | GMT +5
                                        Еліміздің 2 өңірінде 2 күре жол бөлігі жабық тұр
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің 2 өңірінде 2 күре жол учаскесі жабық тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
                                        
                                        
                                     
                                              «Абай облысында көрінудің нашарлауына байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының
Қалбатаудан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында боран мен көрінудің нашарлауына орай «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», - деп жазды оператор ведомстводан.
Айта кетейік, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 380 жол-пайдалану техникасы мен 460 қызметкер жұмылдырылды. Тәулігіне 1 мың м3 көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.