12:56, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Еліміздің 4 облысы жолдарындағы көлік қозғалысына шектеулер алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 облысының автомобиль жолдарындағы көлік қозғалысына шектеулер алынды, деп хабарлады «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

«Бұған дейін Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жолдарында енгізілген шектеулер қазіргі уақытта алынды», - делінген хабарламада.
Дегенмен, аталған мекеме ақпаратына қарағанда, бүгін сағат 11-30-да ауа райының қолайсыздығына (тайғақ) байланысты Павлодар облысында «Омбы-Қапшағай» автомобиль жолының (191-400 шақырым) РФ шекарасынан Павлодарское елді мекеніне дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу қойылған.