Еліміздің 4 өңірінде бірқатар бағыттағы жол қозғалысына шектеу енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар бағытта жол қозғалыстарына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Нақтырақ, атқанда Солтүстік Қазақстан облысында4 ақпан күні ауа-райының нашарлауына байланысты (жаяу бұрқасын, көрінудің нашарлауы) «Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл» (17-209 ш) жолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Қостанай облысы
04.02. сағат: 10-45 ауа райының нашарлауына байланысты (боран) республикалық жол «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» (108-232 шм Әулекөл ауылынан - Челгаши-Ақмола облысының шекарасына дейің барлық автокөліктердің түріне жол жабылды.
Алматы облысы
04.02. сағат:10-40 ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, көрінбеу) «Үшарал-Достық» (82-184 ш., Көктұма а. - Достық а.) а/ж учаскесінде барлық бағыттарда барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.
(Ақмола облысы)
04.02. сағат: 11-30 ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) «Костанай-әАулиекөл-Сурган» (232-260 км., Қостанай облысының шекарасы-Сурган ауылы) а/ж учаскеде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.