Еліміздің бірқатар аймақтарында белгілі тұлғаларға ескерткіштер орнатылатын болады

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Еліміздің бірқатар аймақтарында белгілі тұлғаларға ескерткіштер орнатылатын болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы мамырдың 20-да министрлікте Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті мәжілісі өтіп, онда бірқатар ескерткіштер орнату жөнінде шешім шығарылған. «Нақтырақ айтқанда, Өскемен қаласында Қабанбай батырға орнатылатын жобалардың ішінен Б.Құсайыновтың жобасы үздік деп табылса, Парижге жапсарлас орналасқан Ножан-Сур-Марн қаласындағы саябаққа орнатылатын мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай мүсінін қызылордалық мүсінші А.Кененбаев сомдайтын болды. Сонымен қатар, облыстардан келіп түскен бірқатар ұсыныстар да комиссия тарапынан қолдауға ие болды. Мысалы, Қазақстанның халық әртісі, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толуына орай, Шымкент және Алматы қалаларында және Қазақстанның халық әртісі, әйгілі композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдығына орай, оған Алматы мен Талдықорған қалаларында ескерткіштер орнату мәселесі қолдау тапты. Комиссия сондай-ақ, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылына Шоғы батырдың, Алматы облысы Райымбек ауданына Райымбек батырдың және Ұлы Отан соғысының ардагері, «Даңқ» орденінің 3 мәрте иегері Бейқұтбай Дембаевтың ескерткіштерін орнатуға шешім шығарды», делінген бүгінгі таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар