Еліміздің бірқатар ғалымдары наградалармен марапатталды
Сонымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті атындағы алтын медаль» «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ-ның президенті Серғазы Әдекеновке, «Әл-Фараби атындағы алтын медаль» ҚазҰЖҒА ШҚО филиалының төрағасы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Қалымқайыр Мұтановқа, «Әл-Фараби атындағы күміс медаль» ҚазҰЖҒА Ақтөбе филиалының төрағасы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры Кенжеғали Кенжебаевқа табыс етілді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отырған 1-ші Астаналық инновациялық форумның мақсаты елорда экономикасына инновациялық технологияларды енгізуде инновациялық қызметтерді жандандырып, сұхбат алаңын құру болып табылады. Шараның негізгі міндеттері - елорданың инновациялық қызметін дамыту үшін ғылым, білім, даму институттары мен мекемелерді біріктіруді ұйымдастыру, қала экономикасына инновациялық технологияларды енгізуге шешімдер қабылдау және инновациялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру.