Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі республикалық жолдардың учаскелері жабық
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі республикалық жолдардың учаскелері жабық.
Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеше сағат 07.10-нан бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" автожолының 105-123 шақырымындағы "Шемонайха-РФ шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар 14 қаңтар сағат 18.30-дан бері - "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" жолының 33-102 шақырымындағы "Предгорное - Шемонайха"; "Алматы-Өскемен" жолының 977-1075 шақырымындағы "Қалбатау-Қ.Қайсенов"; "Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары" жолының 6-166 шақырымындағы "Ушанова-Зырян" аралықтарында жол жабылды.
Ал Ақмола облысы өңірінде кеше сағат 15.30 бастап қолайсыз ауа райына байланысты "Астана-Петропавл" жолының 18-234 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Бұған қоса, 14 қаңтар сағат 18.30-дан бері "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 16-205 шақырымы аралығында да көлік қозғалысы шектелді.
14 қаңтар сағат 18.45-тен бастап "Екатеринбург-Алматы» жолының 1280-1353 шақырымындағы "Астана - Қарағанды облысы шекарасы" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Бұдан бөлек, Қарағанды облысы бойынша кеше кешқұрым "Қызылорда-Павлодар" автожолының 105-123 шақырымындағы "Қарағанды қаласы-Павлодар облысы шекарасы" және 433-749 шақырымындағы "Жезқазған-Атасу" аралықтарында жол жабылды.
Павлодар облысындағы боран салдарынан кеше сағат 18.20-дан бастап "Қызылорда-Павлодар" жолының 1135-1205 шақырымындағы "Қарағанды облысы шекарасы - Шідерті" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Сондай-ақ 14 қаңтар сағат 18.45-тен бері "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымындағы "Ақмола облысы шекарасы-Шідерті" аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.