08:48, 25 Наурыз 2022 | GMT +5
Еліміздің бүкіл өңірлері бұрынғыша «жасыл» аймақта тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» және «сары» аймақта ешқандай өңір жоқ.
«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.