Еліміздің халықаралық резервтерінің жалпы көлемі 59 млрд. АҚШ долларына жетті - Үкімет отырысы

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылдың аяғында Қазақстанның халықаралық резервтердің жалпы көлемі 59 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова мәлім етті.

Еліміздің халықаралық резервтерінің жалпы көлемі 59 млрд. АҚШ долларына жетті - Үкімет отырысы

«Ұлттық қордың валюталық активтерін қосқандағы елдің халықаралық резервтерінің жалпы көлемі 2010 жылдың соңында 59 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық банктің алтын валюта активтері өткен жылы 22,5 пайызға ұлғайып, 28,3 млрд. АҚШ долларына жетті»,-деп атап өтті ведемство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылы жүргізілген банк секторының сыртқы қарызын қайта құрылымдау шаралары банктерге сыртқы қарызын төлеу бойынша ауыртпашылықтарды төмендетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ банктердің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға және олардың болашақта тұрақты дамуы үшін мүмкіндіктер жасалды.