Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасын кеңінен насихаттау Инновациялық комитеттің 2010 жылдағы басты мақсаты болмақ

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, осы жұмыстың аясында осы бағдарламаны аймақтық деңгейде нақты сала-сала бойынша іске асыруға ерекше басымдық берілмек. «Сондай-ақ Инновациялық комитет «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу жұмысына қатысып, Қазақстанның технологиялық жүйесін басқару бойынша ұсыныстар мен кеңестерді беретін болады. Ерекше атап өтетін жәйт, алдағы уақытта біз Халықтық тұғырнаманы жүзеге асыруды жалғастырып, орындалған уәделер бойынша есеп беретін боламыз», - дейді Б.Әбдішев.
Айта кетейік, «Нұр Отан» ХДП-ның Инновациялық комитеті ағымдағы жылы маусым айында құрылған. Оның бастамасымен Қазақстанның 2010-2014 жылдардағы индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленген болатын.