Еліміздің келешегі балалармен, қазіргі оқушылармен байланысты - Талдықорғандағы Президенттік шырша

ТАЛДЫҚОРҒАН.  Желтоқсанның  25-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш   Дүйсенова/ -  Жұма,  желтоқсанның  25-і күні  Талдықорғандағы «Өркен»  спорт кешенінде     Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың   тапсырмасы  бойынша    Алматы  облысының әкімі Серік  Үмбетов  ұйымдастырған   Президенттік   шырша    өтті.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,    тұрмысы төмен отбасы балаларына,    жетім  балалар  мен оқу үздіктеріне   арналған  қысқы  ертегіге    150    балдырған   қатысты.

Елбасы   балаларға  жолдаған  бейнеқұттықтауында: «Біздің халқымыз: «талаптыға - нұр жауады» деген. Сендер талапты да талантты, батыл да алғыр, зерек те зерделі болып өсіңдер», деп тілек   білдірді.

Елбасы   құттықтауынан кейін сөз сөйлеген    әкім Серік Үмбетов  бүгінгі  шараның   Нұрсұлтан Назарбаевтың  өскелең  ұрпаққа   деген    қамқорлығының арқасында мүмкін  болып  отырғанын атап көрсетті.   Мемлекет басшысының   арқасында бүгінде   елімізде  айтулы өзгерістер  болып жатыр.

 «Құрметті  балалар,  бүгін  сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты, ең қуанышты күндердің бірі.     Біздің     еліміздің  келешегі    бүгінгі  балалармен,  оқушылармен,      сіздердің   оқудағы    табыстарыңыз  бен   еліміздің   лайықты азаматы болуға деген талпыныстарыңызбен  байланысты»,  деп  атап көрсетті  облыс әкімі өз сөзінде.

 Одан кейін  облыс  басшысы балаларға    сыйлықтар  табыс етті.

Соңғы жаңалықтар