Еліміздің мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар қоржыны сомасы 8 млрд. 433 млн. теңгені құрайтын 382 жобаны қамтиды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар қоржыны жалпы сомасы 8 млрд. 433 млн. теңгені құрайтын 382 жобаны қамтиды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бұның 66-сы - «Қазагро» холдингінің инвестициялық жобалары. Қоржынды министрлік негізгі бес топқа жіктеген. Олар: отын-энергетика кешені; агроөнеркәсіп кешені; металлургия және машина жасау; инфрақұрылым; экономиканың басқа да салалары. «Жұмыс барысында қажет болған жағдайда, бұл салалар бұдан әрі де бөліп көрсетілуі мүмкін», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, биыл жоғарыда қалыптастырылған қоржында қамтылған 183 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың инвестициясының жалпы құны - 643 млрд. теңге.
Соңғы жаңалықтар