Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет өсіп келе жатқан ұрпақтан басталады - Н.Нұркенов (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет өсіп келе жатқан ұрпақтан басталады, сондықтан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл туралы бүгін облыс әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлім етті.
None
None

Аудан әкімдігі мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен өткен шарада «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының ережелерін сақтауға қатысты бірқатар мәселелер айтылды. Облыстық комиссия төрағасының орынбасары Нұрлан Нұркенов мемлекеттік рәміздерді қолданудың аясында жұмыстарға жаңаша көзқарасты ұсынды. «Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет өсіп келе жатқан ұрпақтан басталады, сондықтан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор. Осы орайда білім беру ұйымдарына зор міндет жүктеліп отыр», - деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Нұркенов. Сонымен қатар күн тәртібінде тұрған Егіндікөл, Бұланды және Шортанды аудандарының әкімдіктері мен облыстық білім басқармасы, метрология және техникалық реттеу департаментінің басшыларының баяндамалары тыңдалды. Метрология және техникалық реттеу департаментінің директоры Ғинаят Қасенова Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс тобымен 2014 жылдың 24 маусымында қаралып, қолдау тапқан ҚР СТ 989-2014 мемлекеттік стандарт жобасы жасалғанын атап өтті. Осыған орай, облыстық комиссия төрағасының орынбасарымен ҚР мемлекеттік рәміздерін жаңа стандартқа сай біртіндеп ауыстыру жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ комиссия отырысының қорытындысына сай тиісті кеңестер айтылып, жауапты адамдарға нақты міндеттер жүктелді.

Соңғы жаңалықтар