Еліміздің ресми автодилерлері 2010 жылы 22 409 автокөлік сатты - А.Сидоров
АЛМАТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Еліміздің ресми автодилерлері 2010 жылы 22 409 автокөлік сатқан, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 14,5 пайызға жоғары.
Бұл жайында бүгін қазақстандық автокөлік қауымдастығының президенті Арсений Сидоров жаңа автокөліктерді сату бойынша өткен жылдың қорытындыларын хабарлауға арналған баспасөз мәслихатында айтты.
Оның айтуынша, еліміздің автокөлік нарығы соңғы жылдары тұрақты өсіп келеді. «Ел экономикасы дағдарыстан құтылып, жаңа автокөліктер сатылымы жоғарылады, оның басым бөлігі Қазақстанда құрастырылған машиналарға тиесілі болып отыр», -дейді А. Сидоров.
Сатылған машиналардың басым бөлігін жеңіл автокөліктер құраған, бұл жалпы сатылған бірлік санының 58,2 пайызына тең, яғни 10 976 көлік. Одан кейін тұтынушылардың зор сұранысын жол талғамайтын көліктер иеленген, олар 38,5 пайызды құрап, 7260 бірлікке жеткен. Сондай-ақ сатылған жеңіл машиналар жалпы санының 3,2 пайызын жеңіл коммерциялық техника құраса, минивендер сегментінің үлесі 0,2 пайызға жеткен.