Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еліміздің Салық комитеті ведомствоішілік жұмыстардың әдістерін жетілдіруде

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Еліміздің Салық комитеті ведомствоішілік жұмыстардың әдістерін жетілдіруде.

Еліміздің Салық комитеті ведомствоішілік жұмыстардың әдістерін жетілдіруде

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосып, кәсіби мерекелерімен құттықтаған ҚР Қаржы миинстрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев айтты.

«Бүгінде біздер ведомствоішілік жұмыстардың әдістерін жетілдірудеміз. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізіп, электронды құжат айналымы жүйесіне көшудеміз. Жалпы айтқанда, салықтық және бухгалтерлік есептерді  ұсыну міндеттерін орындау кезіндегі салық төлеушілер мен салық органдарының өзара қарым-қатынастарын жеңілдету әрі уақыттарын барынша азайту үшін қызмет жасаудамыз», - деді ол.

Осы орайда 21 жылдық тарихы бар еліміздің ірі мемлекеттік органына айналған салық қызметінің жұмысын жазып көрсететін тілшілерді өздеріне әріптес санайтындығын баса айтқан Ә.Жұмаділдаев: «Журналистиканың басты ұстанымы - шынайылық. Жеделділік пен нақтылық сіздердің хабарларыңыздың, мақалаларыңыздың және телерепортаждарыңыздың визиткалық картасына айналады. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз бен күш-жігерлеріңіз Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға және еліміздің гүлденуіне қызмет ететіндігіне сенім мол», - деді.

Комитет төрағасының айтуынша, БАҚ өкілдерінің жұмысының арқасында салық төлеушілердің салықтық сауаттылығы арта түскен.