Еліміздің төл теңгесін айналымға шығаруға тамшыдай үлес қосқанымды мақтан етемін-ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының өкілі Н. Әубекерова

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 1993 жылғы 15 қарашада төл теңгеміздің айналысқа енгізілгені мәлім. ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маман-экономисі Нұрила Әубекерова осы ақша реформасына қатысқанын мәлім етті.

Еліміздің төл теңгесін айналымға шығаруға тамшыдай үлес қосқанымды мақтан етемін-ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының өкілі Н. Әубекерова

Банк саласында 1980 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Н.Әубекерованың айтуынша, бұл кезде ол Ұлттық банк филиалында жұмыс істейтін. «15-20 қараша күндері таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін біз үш-ақ әйел қомақты ақшаны екінші деңгейдегі банктерге есептеп жолдаумен болдық. Жұрт нөпір болып жиналып, Ұлттық банкке келетін. Біз үлгермей қатты қиналатынбыз. Осындай тарихи кезеңде еліме, халқыма қызмет етіп, ең бастысы, еліміздің төл теңгесін айналымға шығаруға тамшыдай үлес қосқанымды мақтан етемін. Қазақстанда біріншілердің бірі болып, Ұлттық банктің игілікті қызметі мен нәтижелі жұмыс істеуіне сіңірген еңбегі мен қосқан үлесім үшін «ҚР Ұлттық банктің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісін өңіріме тақтым. Бұл - менің еңбегіме берілген баға»,- дейді ол. .