Еліміздің үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарламасының тиімділігі 5 жылдың ішінде 7 трлн. теңгеден астам қаржыны құрайды - Мемлекет басшысы

;АСТАНА. Желтоқсанның  4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еліміздің үдетілген индустриялық-инновациялық бағдарламасының тиімділігі 5 жылдың ішінде 7 трлн. теңгеден астам қаржыны құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІІ-ші пленарлық мәжілісі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Еліміздің үдетілген индустриялық-инновациялық 5 жылдық бағдарламасы тұрғысындағы жобаның жұмыстары аяқталуға жақындады. Оны жүзеге асыруға алдағы жылы кірісетін боламыз», деді Мемлекет басшысы. Бағдарлама аясында экономика мен өнеркәсіпті дамытудың басым бағыттары айқын анықталғанына тоқталған Елбасы: «Алдын ала есеп бойынша бағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігі 5 жылдың ішінде 7 трлн. теңгеден астам қаржыны құрайды. Бұл көрсеткіш біздің ІЖӨ-нің жартысынан астамы», деді. Президент бұл бағытта құны 42 млрд. АҚШ долларын құрайтын 83 ірі жоба белгіленгенін айтып өтті. «Бұл бағдарламаның бірқатар жобалары осында қатысып отырған шетелдік инвесторлармен ұсынылды. Осы жобалар сәтті іске асырылатынына үміт артып отырмын», деді Н. Назарбаев.

Мұнымен қоса Қазақстан болашаққа негізделген өзінің даму стратегиясын қалыптастырып отырғанына тоқталған Мемлекет басшысы «Таяу уақытта Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша жұмыстар аяқталады. Ол алдағы 10 жылдықта біздің стратегиялық дамудың бағытын айқындайды», деді.

Соңғы жаңалықтар