Еліміздің үш аймағында ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Еліміздің үш аймағында ауа-райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.
Алматы облысы.
12 қаңтар сағат 11.05-тен бастап қолайсыз ауа райына (қар, қатты жел) байланысты «Қапшағай-Құрты» а/ж 0-68 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
12 қаңтар сағат 17.00-ден бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Үшарал-Достық" а/ж 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Шығыс Қазақстан облысы.
13 қаңтар сағат 15.35-тен бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Өскемен-Шемонайха-РФ шекара» а/ж 105-123 шақырымы «Шемонайха-РФ шекара» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы.
Бүгін сағат 08.20-дан «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-205 км барлық бағыттар бойынша шектеу алынып тасталды.
Сағат 15.30-дан бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Астана-Петропавл» а/ж 18-234 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты:
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.