Еліміздің үш қаласында ерекше балаларға арналған орталықтар ашылды
Бүгін Балаларды қорғау күніне орай, Атырау, Талдықорған және Өскемен қалаларында ерте араласу орталықтары ашылды. Оларда дамуында ақауы бар 3 жасқа дейінгі балаларға диагноз қойылып, емдеу-оңалту шаралары жасалады. Сонымен қатар, Талдықорған мен Өскеменде аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар 18 жасқа дейінгі балаларға арналған Оңалту орталықтары жұмыс жасауда.
Өскемендегі орталықтың ашылу рәсіміне «Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты. Қор басшысы өңірде «Самұрық-Қазына» қолдауымен ашылған екі оңалту орталығы жұмыс істеп жатқанын еске салды.
«Біз қай өңірде жұмыс істесек, сол аймаққа қол ұшын созамыз! Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз», – деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.