Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еліміздің жеңіл өнеркәсібі үшін 20 мамандық бойынша білім беру көзделген

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміздің жеңіл өнеркәсібі үшін 20 мамандық бойынша білім беру көзделген,

Еліміздің жеңіл өнеркәсібі үшін 20 мамандық бойынша білім беру көзделген

деп хабарлайды ҚазАқпарат бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен республикалық семинар-кеңесте таратылған мәліметке сәлтеме жасап.

Осының нәтижесінде бағдарлама аясындағы жобаларды жүзеге асыру барысында маман тапшылығын өтеу жоспарланып отыр. Еліміздің жеңіл өнеркәсібіне қажетті мамандар Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы кәсіби-техникалық білім беру орындарында даярланбақ. Сондай-ақ 2011 жылы Шымкент қаласында 700 орынға есептелген маман даярлау және қайта даярлаудың Аймақаралық орталығын ашу жоспарда бар. Ал Алматы технологиялық университетінде жеңіл өнеркәсібінің өнімдерін тексеріп, арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін зертхана құрылады.