Элизабет Трасс Британияның жаңа премьер-министрі атанды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Консервативті партияның жаңа жетекшісі, сәйкесінше Ұлыбритания үкіметінің басшысы болып Элизабет Трасс сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

47 жастағы Трасс Тори партиясының қайраткері. Ол нағыз консерватор және оңшыл либерал.

Элизабет Трасс салықтарды азайтуға, атап айтқанда, оның қарсыласы - қаржы министрі Риши Сунак енгізген немесе жоспарлаған денсаулық сақтаудағы салықтар мен корпоративті салықты өсірмеуге уәде беріп отыр.

Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметінің жаңа басшысы мемлекеттік шығыстардың жалпы ревизиясын өткізуге, сондай-ақ жеңілдетілген ережелер мен фирмаларға қойылатын талаптары бар инвестициялық аймақтар құруға уәде етті.



Фото: bbc.com




Соңғы жаңалықтар