Элизабет Тұрсынбаева - Хорватиядағы турнирде қысқа бағдарламада үшінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 желтоқсанда, Загребте (Хорватия) «Челленджер» сериясына кіретін мәнерлдеп сырғанаудан Golden Spin дәстүрлі халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады sports.kz.

Элизабет Тұрсынбаева - Хорватиядағы турнирде қысқа бағдарламада үшінші орында

Ресейлік Елизавета Туктамышева 69,48 балл алып, жекелей қысқа бағдарламашылар арасында көш бастады. Оның отандасы Алёна Леонова - екінші (58,86), Қазақстаннан Элизабет Тұрсынбаева - үшінші орында (56,88).

Мәнерлеп сырғанау. «Челленджер» сериясы. Golden Spin. Загреб, Хорватия Әйелдер. Қысқа бағдарламадан кейін:

1. Елизавета Туктамышева (Ресей) - 69,48 2. Алёна Леонова (Ресей) - 58,86 3. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) - 56,88.