04:24, 28 Мамыр 2015 | GMT +5
Елизавета ІІ: Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы референдум 2017 жылдың соңына дейін өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы мәселесі бойынша референдум 2017 жылдың соңына дейін өтеді, деп мәлімдеді Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ парламентте таққа отыру салтанатында үкіметтің алдағы парламенттік жылға қызметінің бағдарламасын ұсына отырып, деп хабарлады ТАСС.

«ЕО мүшелігіне байланысты 2017 жылдың соңына дейін референдум өткізу үшін алдын ала заңнамалық шаралар қабылданатын болады», деп мәлімдеді монарх.
«Менің үкіметім Біріккен Корольдіктің ЕО-мен қатынастарын қарау жөнінде келіссөздер өткізеді және оның барлық мүшелерінің пайдасы үшін ЕО-ны реформалауға бағытталатын болады», деп мәлім етті Елизавета ІІ.
2017 жылға дейін осындай референдум өткізу 7 мамырда жалпыға бірдей сайлауда жеңіске жеткен премьер-министр Дэвид Кэмерон бастаған Ұлыбритания консервативтік партиясының сайлауалды уәделерінің бірі болатын.