Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық Эльмира Сыздықова Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орынға ие болды.

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Ислам ойындарында үшінші орын алды
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

Әйелдер күресінен ұлттық құрама өкілі 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды. ҚР ҰОК мәліметінше, үшінші орын үшін өткен кездесуде Сыздықова Түркия өкілі Эльмира Ясинді жеңді.

Отандасымыз жарыстан кейінгі сұқбатында басты мақсаты жайлы айтты.

Эльмира Сыздықова: бас бапкер қойған тактика бойынша жұмыс істедім
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

– Негізі, барлығы ойдағыдай өтті. Бас бапкер жарыс алдында жоспар құрған еді, сол жоспарға сәйкес жұмыс істедік. Бұл қызбен бірінші рет кездесіп отырмыз. Бас бапкер қойған тактика бойынша дайындалдым. Тактикалық жағынан қол жұмысына басымдық беріп, қорғануды алдын ала жоспарладық. Алда өтетін Қазақстан чемпионатында басты мақсатым - чемпион атану, - деді Эльмира.

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Ислам ойындарының чемпионы атанды.

Рамазан Кусаинов Ислам ойындарының күміс жүлдегері болды.

Джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Ислам ойындарының жеңімпазы атанды.

 

Соңғы жаңалықтар