Елімізде ауа сапасы ластанған қалалар саны азаймай тұр
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 7 шілдеде түнде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан ауа сапасын жақсарту бағытында бірлескен жұмыс тобын құрады.
Бұған дейін ШҚО кәсіпорындары экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 200 млн теңгеден астам айыппұл төлегені туралы хабарладық.